14.12.2015, 17:32 3899

Бөкен мүйіздері

Шекара қызметініӊ "Жәнібек-авто" (қазақ-ресей шекарасы, БҚО) бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды осы жылдыӊ 14-желтоқсан күні түнгі 1 сағат 30 минут шамасында "Кира" есімді иттіӊ көмегімен 1971 жылы туылған Савченко М.В. атты ресейлік азамат ұсталды

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шекара қызметініӊ "Жәнібек-авто" (қазақ-ресей шекарасы, БҚО) бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды осы жылдыӊ 14-желтоқсан күні түнгі 1 сағат 30 минут шамасында "Кира" есімді иттіӊ көмегімен 1971 жылы туылған Савченко М.В. атты ресейлік азамат ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астына "ВАЗ-2106" автокөлігіне жолаушы ретінде мініп Қазақстаннан Ресейге қарай кетіп бара жатқан азаматтыӊ жүктеріне шекаралық бақылау жасау кезінде оныӊ сөмкесінен 17 дана бөкен мүйіздері табылды.

Ұстау материалдары БҚО Жәнібек аудандық ішкі істер бөліміне берілді. Енді аталған азамат ҚР ҚК 339 бабы бойынша заӊ алдында жауап беретін болады (өсiмдiктердіӊ немесе жануарлардыӊ сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардыӊ бөліктерімен немесе дериваттарымен заӊсыз айналысу).

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны