13.09.2017, 17:59 4245

Бокстан әлем чемпионы Дина Жоламан латын әліпбиіне көшуде ешқандай қиындық болмауы тиіс деп санайды

Ақмола облысы Жақсы ауданыныӊ тумасы, бокстан әлем чемпионы Дина Жоламан латын әліпбиіне көшуде ешқандай қиындық кедергілер болмауы тиіс деп санайды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Көкшетау. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысы Жақсы ауданыныӊ тумасы, бокстан әлем чемпионы Дина Жоламан латын әліпбиіне көшуде ешқандай қиындық кедергілер болмауы тиіс деп санайды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен, Тәуелсіз елімніӊ түлегімін, қазақ мектебінде оқып, білім алдым, атамнан қазақи тәрбие көрдім. Өмірімде қол жеткізген үлкен жетістіктерім мен табыстарымды атамныӊ бойыма сіӊірген тәрбиесінен деп білемін. Үнемі үлкен жарыстарға барар алдында атамнан бата алып барып жолға шығуды әдетке айналдырдым. Бір жағдайлармен атамды көре алмайтын болсам телефон арқылы тілдесіп, айтқан ақылын естіп, өзімше көӊілім толып қалады",- деп жазады спортшы қыз өз хатында.

"Қазақ халқыныӊ өзге елдерге ұқсамайтын өз тарихы мен сан түрлі жазылмаған қағидалары бар. Оны мен өз туған елімніӊ жады деп ойлаймын",- дейді Дина.

Оныӊ пікірінше, "Кеӊес үкіметі кезінде адамдардыӊ бәрін біртипті етіп, өзге халықтардыӊ дамуына жол берілмеген, олар өздерініӊ тарихи жадынан айырылған. Ол кездегі идеологияныӊ талабы осындай болған секілді".

"Біздіӊ қазіргі, тәуелсіз еліміздіӊ тарихына көз жүгіртсек қаншама өзгерістер мен жаӊа бастамаларға қол жеткіздік. Елбасыныӊ Казақстан халқына арналған "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласында латын әліпбиіне көшу мәселесі козғалған. Елбасы осы жылдыӊ аяғына дейін ғалымдардыӊ көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиініӊ жаӊа графикадағы бірыӊғай стандартты нұсқасын қабылдауды жүктеді. Қазір латын әрпіне көшу мәселесі ақпарат кеӊістігінде, әлеуметтік желіде, жиналыстарда қызу талқылануда. Оған жастар да өз пікірін қосуда.

Бұл жалпыұлттық сананыӊ мемлекет пен бірегей жаһандануыныӊ қажеттілігінен туындап отырғаны белгілі.

Ал, 2018 жылдан бастап жаӊа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісу керек деп жазған. Жаӊа мектеп бағдарламасында оқушылар бүгінде үш тілді оқыту жүйесіне сәтті көшуде. Біздіӊ жас буынымыз латын әліпбиін оӊай қабылдап, үйренуге бейім. Сондықтан, латын әліпбиіне көшуде, меніӊ ойымша, ешқандай қиындық кедергілер болмауы тиіс. Елбасыныӊ "Қазақстан - 2050" Стратегиясында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу керектігі айтылған болатын.

Ирине, жаӊа әліпбиге бейімделу кезеӊінде белгілі бір уақыт кириллица алфавиті де қолданыла тұратынын Мемлекет басшысы мақалада атап өтті.

Мен, елімніӊ жас азаматы ретінде, Елбасымыздыӊ салиқалы саясатын үнемі қолдай отырып, өзім сияқты жастарды да ел өміріне, оныӊ тарихын жасауда өз үлесімізді қосуға шақырамын. Осылайша біз білімді, көзі ашық, көкірегі ояу, елдіӊ ертеӊгі тірегі болмақпыз",- делінген чемпион қыздыӊ хатында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны