10.02.2015, 19:50 4085

«Болашақ» қауымдастығыныӊ төрағасы қайта сайланады

2015 жылдыӊ 6 наурызында "Болашақ" Қауымдастығы Кеӊес мүшелерініӊ сайлауы, сондай-ақ Төрағаныӊ сайлануы өтеді. Аталмыш шешім өткен аптада Қауымдастық Кеӊесімен қабылданған болатын

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 6 наурызында "Болашақ" Қауымдастығы Кеӊес мүшелерініӊ сайлауы, сондай-ақ Төрағаныӊ сайлануы өтеді. Аталмыш шешім өткен аптада Қауымдастық Кеӊесімен қабылданған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

Белгілі болғандай, 6 жылдан астам болашақтықтардыӊ көшбасшысы Бауыржан Баубек болған еді. 2008 жылдан бастап ол Қауымдастыққа басшылық етеді және Кеӊес Төрағасы болып табылады. Кеӊес 17 мүшеден құралған, солардыӊ ішінде мемлекеттік және бизнес құрылымдардыӊ, ұлттық компаниялар, банктер, даму институттарыныӊ басшылары, саяси мемлекеттік қызметкерлер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері бар. Уәкілеттік ету мерзімі аяқталуына байланысты Кеӊес құрамы кемінде жартысына жуық жаӊартылады, деп strategy2050.kz тілшісі.

14 жыл бұрын құрылған Қауымдастық бүгінгі таӊда еӊ табысты қоғамдық ұйымдардыӊ біріне айналды. Ол президенттік бағдарламаныӊ 10 мыӊнан астам стипендианттарыныӊ мүдделерін қорғайды, мұнда тек болашақтықтар ғана емес, сонымен бірге белсенді қазақстандық жастар біріктірілген.

Осы уақыт аралығында болашақтықтар білім беру, білім трансферті, ұлттық мәдениетті және мемлекеттік тілді дамыту, сарапшылық әлеуетті қалыптастыру саласында 60 астам ірі әлеуметтік жобаны іске асырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны