11.07.2026, 13:24 60641

"Болашақ ойындары - 2026" кезінде Астанаға 10 мыңға жуық шетелдік турист келеді деп күтілуде

Жарысқа Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Латын Америкасының 35 елінен мыңға жуық спортшы қатысды деп күтілуде
"Болашақ ойындары - 2026" кезінде Астанаға 10 мыңға жуық шетелдік турист келеді деп күтілуде
Сурет: primeminister.kz
Премьер-Министр Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша 29 шілдеде басталатын "Болашақ ойындары - 2026" халықаралық фиджитал-турнирін өткізуге дайындық барысын тексерді.

Жарыс Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Латын Америкасының 35 елінен мыңға жуық спортшының басын біріктіреді. Шет мемлекеттердің басшылары, халықаралық спорт ұйымдарының басшылығы және цифрлық индустрияның ірі көшбасшы компаниялары салтанатты ашылу рәсіміне қатысатындарын растады.

"Барыс Арена" көпфункционалды мұз сарайы, "QAZAQSTAN" жеңіл атлетикалық спорт кешені, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы және Beeline Arena ұлттық теннис орталықтарында өтеді.


Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов нысандардың дайын екендігін және олардың гибридті форматқа бейімделуі жөнінде баяндады. Цифрлық жабдықтың үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілді. Турнирге қатысушылар мен қонақтарды қабылдауға арналған алаңдар дайындалды, сондай-ақ мыңнан астам адамы бар еріктілер орталығының жұмысы үшін қажетті жағдайлар жасалды. Қауіпсіздікке, логистикаға, сондай-ақ сервистік қызмет көрсету деңгейіне ерекше назар аударылды.

Турнирге қатысушылар 8 сайыс бойынша өнер көрсетеді, олар: фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-атқыштар, фиджитал-жекпе-жек, фиджитал-би, Battle Royale, сондай-ақ дербес компьютерлер мен мобильді құрылғылардағы MOBA (Multiplayer Online Battle Arena). Турнирдің жалпы жүлде қоры $4 млн-нан асады. Қазақстан атынан "Болашақ ойындары-2026" турниріндегі барлық 8 сайыс бойынша 11 команда өнер көрсетеді.

Турнир демеушілердің үлкен қолдауымен өткізілгелі отыр. Салалық ведомствоның бағалауы бойынша, іс-шараға 10 мың шетелдік турист келеді. Бұл қонақ үй, көлік және сервис салаларындағы қызметтердің дамуына айтарлықтай серпін береді.

Олжас Бектенов тексеру қорытындысы бойынша турнирді өткізуге қатысы бар барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны