18.03.2016, 13:34 7767

"Болашақ" бағдарламасы бойынша 2016 жылы 700 стипендия бөлінді - Ғ.Нығыметов

Ғ.Нығыметовтіӊ мәліметінше, биылғы жылы құжат қабылдау үш кезеӊде жүргізіледі, яғни 11 сәуірден 13 мамырға дейін, 13 маусымнан 29 шілдеге дейін және 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін.

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - "Болашақ" бағдарламасы бойынша 2016 жылы 700 стипендия бөлінді, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Ғани Нығыметов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Биыл 700 стипендия бөлініп отыр. Бұл өткен жылға қарағанда 100 стипендияға артық. Біздіӊ мақсатымыз әлеуетті үміткерлердіӊ көбірек санын қамту", - деді ол, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Ғ.Нығыметовтіӊ мәліметінше, биылғы жылы құжат қабылдау үш кезеӊде жүргізіледі, яғни 11 сәуірден 13 мамырға дейін, 13 маусымнан 29 шілдеге дейін және 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін.

"Егер сәуірде үлгермесеӊіз, құжаттарды қыркүйектіӊ соӊына дейін тапсыра аласыз", - деп нақтылады Халықаралық бағдарламалар орталығыныӊ басшысы.

Ол сондай-ақ стипендия алуға құжаттар үш әдіспен берілетінін түсіндіріп өтті.

"Біріншіден, электронды үкіметтіӊ порталы арқылы, сандық қолтаӊбаны ала отырып, барлық құжаттарды сканерлеп ала аласыздар. Екіншіден, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы, бұрындары ХҚКО-тары. ХҚКО-тарына барып, құжаттарды тапсыра аласыздар, ал барлық ХҚКО қызметкерлері аталмыш мемлекеттік қызмет туралы біледі. Үшіншіден, құжаттарды "Халықаралық бағдарлама орталығы" АҚ-ға қолға тапсыру немесе сенімхат арқылы тапсыру", - деді Ғ.Нығыметов.

Естеріӊізге салар болсақ, "Болашақ" халықаралық стипендиясы азаматтарды шетелдік жетекші оқу орындарында күндізгі оқыту формасы бойынша оқыту немесе ғылыми, педагогикалық, инженерлік-техникалық және медициналық қызметкерлердіӊ шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуіне арналған ҚР Президенті ұсынған стипендия.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны