07.09.2016, 14:55 5172

"Болашақ" бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдаудыӊ үшінші кезеӊі 30 қыркүйекте аяқталады

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия қорытындыларына сәйкес 313 стипендия тағайындалды. Олардыӊ 199-ы магистратура, 18-і докторантура, 96-сы тағылымдама бағдарламалары бойынша.

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 30 қыркүйекте ҚР Білім және ғылым министрініӊ бұйрығына сәйкес ҚР Президентініӊ "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдаудыӊ үшінші қорытынды кезеӊі аяқталады.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, "Болашақ" бағдарламасыныӊ ресми әкімшісі - "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ 2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін стипендияға үміткер Қазақстан азаматтарынан құжаттарды қабылдауда.

Үміткерлер құжаттарды "электрондық үкімет" порталы, "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ға қолма-қол тапсыра алады. "Болашақ" стипендиясы "Магистратура", "Докторантура", "Резидентура" және "Тағылымдамалар" бағдарламалары бойынша тағайындалады.

2016 жылы "Болашақ" стипендиясына құжаттарды қабылдаудыӊ екі кезеӊі және олардыӊ нәтижелері бойынша екі конкурстық іріктеу өткізілді. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия қорытындыларына сәйкес 313 стипендия тағайындалды. Олардыӊ 199-ы магистратура, 18-і докторантура, 96-сы тағылымдама бағдарламалары бойынша.

Қазіргі таӊда "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ құжаттарды қабылдаудыӊ үшінші кезеӊі шеӊберінде "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді тарту мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

2016 жылғы қыркүйекте қоғам президенті Гани Ныгыметовтыӊ әртүрлі аймақтардыӊ өкілдері мен атаулы топтарымен шығу кездесулері басталды. Кездесулер мен сөз сөйлеулер барысында "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға түсудіӊ негізгі талаптары, стипендиаттардыӊ конкурстан өту рәсімі және оқу процесініӊ ерекшеліктері толық түсіндіріледі.

Өзініӊ сөз сөйлеулерінде "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басшысы Гани Ныгыметов келесі атап өтті: "2016 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға түсу мүмкіндіктері кеӊейтілді. Біріншіден, ағымдағы жылда 700 стипендия бөлінді, ол 2015 жылмен салыстырғанда 100 стипендияға артық. Екіншіден, конкурсқа құжаттарды қабылдау жеӊілдетілді. Үшіншіден, инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша оқу үшін жаӊа санат енгізіліп, конкурстық рәсімдер жетілдірілді. Сонымен қатар, барлық азаматтарға "Болашақ" стипендиясы туралы ақпараттар қол жетімді болуы үшін белсенді ақпараттық кампания жүргізілуде".

Жыл бойы "Болашақ" бағдарламасы туралы ақпарат жүйелі түрде ақпараттық агенттіктер, республикалық, облыстық, қалалық және аймақтық БАҚ таратылуда. Фейсбук және Инстаграм әлеуметтік желілерінде аккаунттар ашылып, арнайы электрондық ресурстар жұмыс жасауда. Олардыӊ ішінде "Болашақ" бағдарламасыныӊ корпоративтік сайты, Бірыӊғай ақпараттық білім ресурсы (БАБР) және BARO - түлектермен жұмыс жөніндегі кеӊсе сайты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны