14.08.2009, 15:32 4378

"Болашақ" бағдарламасы стипендиаттарының арасында бюджет саласы қызметкерлерінің балалары басым үлеске ие

"Болашақ" бағдарламасы стипендиаттарының арасында бюджет саласы қызметкерлерінің балалары басым үлеске ие

Астана. 14 тамыз. Kazakhstan Today - "Болашақ" бағдарламасы стипендиаттарының арасында бюджет саласы қызметкерлерінің балалары басым үлеске ие. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Серік Ирсалиев бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

""Болашақ" бағдарламасы стипендиаттарының 19 проценті - бюджет саласы қызметкерлерінің балалары. Дәл осындай үлеске жеке меншік құрылымдардың жұмыскерлерінің балалары ие", - деді С. Ирсалиев.

Сондай-ақ, ресми өкілдің мәліметінше, "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алып жатқандардың 15%-ы - акционерлік құрылымдардың қызметкерлерінің, 12 - мемлекеттік қызметкерлердің балалары, "болашақ түлектерінің" арасында зейнеткерлердің балалары да бар, олар 8%-ға тең. Жұмыссыздардың балалары 5% үлеске ие.

Жұмысшылар мен әскерилердің балаларының саны ең аз, олар 1% ғана.

Сондай-ақ, бүгінгі брифинг барысында С. Ирсалиевтің хабарлағанындай, ертең, 15 тамызда "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегері атануға конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар қабылдау жұмысы аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны