14.08.2009, 16:04 3896

"Болашақ" бағдарламасының оқудан шығарылған стипендиаттары жарты жылда мемлекетке 44 млн астам теңгені қайтарды

"Болашақ" бағдарламасының оқудан шығарылған стипендиаттары жарты жылда мемлекетке 44 млн астам теңгені қайтарды

Астана. 14 тамыз. Kazakhstan Today - "Болашақ" бағдарламасының оқудан шығарылған стипендиаттары жарты жылда мемлекетке 44 млн астам теңгені қайтарды, бағдарлама жұмыс істеген жылдарда ел қазынасына 1 млн доллар қайтарылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Серік Ирсалиев бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ағымдағы жылдың тек бірінші жартысында ғана қазынаға 44 млн теңге қайтарылса, бағдарлама жұмыс істеген жылдарда мемлекетке 1 млн доллар қайтарылды", - деді С. Ирсалиев.

Оның айтуынша, 2009 жылдың бірінші жартысында түрлі себептермен бағдарламадан 14 адам шықты, жалпы "Болашақ" бағдарламасы жұмыс істеп жатқан 16 жылдық тарихта шетелдік жоғары оқу орындарынан 68 қазақстандық стипендиат оқу үлгеріміне байланысты оқудан шығарылды.

С. Ирсалиевтің айтуынша, "болашақтықтар" шетелдерге шығар алдында жасалатын келісім-шарттарына сәйкес, "түрлі себептермен оқудан шығарылған немесе бағдарламадан шыққан стипендиаттар оларға мемлекет жұмсаған барлық қаржыны қайтаруға және оған қоса 10% тұрақсыздық төлемін төлеуге тиіс".

Ресми өкілдің атап өткеніндей, "көбінесе күрделі техникалық мамандықтар бойынша оқып жатқан бакалавриат деңгейіндегі стипендиаттар оқудан шығарылуда".

"Бұлар - жаман балалар емес, оқу озаттары, олар жақсы оқыды, бірақ түрлі себептермен шетелдік уинверситеттер тарапынан ұсынылған бағдарламаларды игере алмады", - деді С.Ирсалиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны