15.10.2015, 18:04 4202

"Болашақ" стипендиясын алуға талаптарды күшейтуді 2016 жылдыӊ қаӊтарынан бастап енгізу күтілуде - Ғ.Нығыметов

2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап үміткерлерге талаптарды күшейту тұрғысынан "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау ережелеріне өзгертулер енгізіледі, деп мәлімдеді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Ғани Нығыметов ОКҚ брифингі барысында

Астана. 15 Қазан. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап үміткерлерге талаптарды күшейту тұрғысынан "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау ережелеріне өзгертулер енгізіледі, деп мәлімдеді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Ғани Нығыметов ОКҚ брифингі барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Болашақ" бағдарламасы сапаға баса назар аударады, соӊғы екі жылда біз бұл мәселені белсенді қозғап келеміз. Қатысу талаптары артады, келесі жылдан бастап ағылшын тілі бойынша тілдік талаптар IELTS 5.0 дейін көтеріледі, бұл квоталық санаттарға қатысты. Дипломныӊ орташа балына бірыӊғай талаптар белгіленеді, енді GPA 4-тен 3.0 болуы тиіс", - деп мәлімдеді Ғ. Нығыметов, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Ол өтіл бойынша талаптар белгіленетінін, барлық санаттарға екі жыл өтіл талап етілетінін түсіндірді. Бұдан өзге, Ұлт жоспары жобалары үшін мақсатты машықтану бағдарламалары белсенді жүзеге асырылады, нақты айтқанда, ол Астанадағы жаӊа халықаралық қаржы орталығына қаржыгерлер мен заӊгерлерді даярлау, халыққа қызмет көрсету орталықтарыныӊ қызметкерлерін оқыту және "Ұлттық чемпиондар" жобасы аясында қазақстандық кәсіпорындарға арнап инженерлік-техникалық мамандарды даярлау.

Бұдан өзге, Ғ.Нығыметовтыӊ айтуынша, келесі жылдан бастап МВА бағдарламасы жүзеге асырылады, яғни мемлекет әлемніӊ 10 жетекші бизнес-мектептеріне өз бетімен түскен Қазақстан азаматтарына 10 стипендия бөледі.

Орталық басшысы 2017 жылдан бастап "Executive education" бағдарламасын жүзеге асыру күтілетінін айтты, яғни бұл жоғарғы басқару буынына арналған әлемніӊ 10 бизнес мектебінде қысқа мерзімді курстардан өту бағдарламасы.

Келесі жылдыӊ басынан бастап мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына таӊдалған 10 тірек ЖОО үшін биылғы жылы іске қосылған Split-PHD бағдарламасы белсенді жұмыс жасай бастайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны