07.03.2012, 13:24 3915

Болгар ғалымдары қоқысты газ отынына айналдыру әдісін тапты

"Біздің ұсынып отырған әдісіміз қатты тұрмыстық қалдықтарды жоғары температурада өңдеу мен электр энергиясын аз жұмсаудың сәтті үлгісі. Соның нәтижесінде біз көміртегі мен сутегі тотығына бай негізгі отын - табиғи газ алып отырмыз, оны энергетикада және тұрмыста пайдалануға болады", деп хабарлады БҒА Инженерлік ғылым институтының профессоры Венко Бешков.

Астана. 7-наурыз. Kazakhstan Today - Болгар ғалымдары қоқысты газ отынына айналдыру әдісін тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Болгар ғылым академиясының ғалымдары қоқысты газ отынына айналдырудың әдісін тапты, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі ИТАР-ТАСС сілтеме жасай отырып.

Бұл отынды энергетикада және күнделікті тұрмыста пайдалануға болады, ол іс жүзінде арзан электр энергиясын алуға мүмкіндік береді, деп санайды ғалымдар.

"Біздің ұсынып отырған әдісіміз қатты тұрмыстық қалдықтарды жоғары температурада өңдеу мен электр энергиясын аз жұмсаудың сәтті үлгісі. Соның нәтижесінде біз көміртегі мен сутегі тотығына бай негізгі отын - табиғи газ алып отырмыз, оны энергетикада және тұрмыста пайдалануға болады", деп хабарлады БҒА Инженерлік ғылым институтының профессоры Венко Бешков.

Ғылыми институтта мұндай технология бұрын белгісіз болғанын және ғалымдар ұжымының бірегей жасалымы екенін айтады.

"Қалдықтарды температуралық өңдеу кезінде біз арнайы әдісті қолдана отып, энергия шығынын жүз есе төмендетіп отырмыз. Сөйтіп, біз мұнай мен табиғи газды тұтынуды үнемдеуге тиіспіз", деп атап өте отырып, профессор жаңа технология қоршаған ортаға қауіпсіз екенін мәлім етті.

Ғалымдар олардың жұмысына өкімет орындары көңіл аударар деген үмітте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны