28.05.2018, 21:16 7958

"Бозторғай" байқауына биыл 800 ден аса бала қатысады

Бүгін Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ алаӊында "Бозторғай" 20-шы Балалар шығармашылығыныӊ халықаралық байқауына" арналған баспасөз конференциясы өтті.

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ алаӊында "Бозторғай" 20-шы Балалар шығармашылығыныӊ халықаралық байқауына" арналған баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясына Кеӊес Одағыныӊ халық әртісі, Социалистік Еӊбек Ері, академик Бибігүл Төлегенова, композитор, Қазақстан Республикасыныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, профессор- Кеӊес Дүйсекеев, Ресей мәдениетініӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, Витебск Славян базарыныӊ Ресейдегі штабыныӊ директоры Николай Кривенко, "Бозторғай" балалар шығармашылығы халықаралық байқауыныӊ директоры Қарлығаш Ибдікәрімова қатысты.

Қарлығаш Ибдікәрімованыӊ айтуы бойынша, дәстүрлі "Бозторғай" балалар шығармашылығы халықаралық конкурсы Алматыда осымен жиырмасыншы рет өткелі отыр.

"Өткен жылдардағыдай, конкурс Алматы қаласыныӊ Орталық демалыс саябағында ашық алаӊда ұйымдастырылады. Алматы қаласына Қазақстанныӊ барлық аймақтарынан және Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден, Белорусиядан, Украинадан, Армениядан, Грузиядан, Азербайжаннан, Литвадан, Латвиядан, Болгариядан, Италиядан, Чехиядан жас әншілер, бишілер, халық орындаушылары және сән театрлары келмек. Конкурсқа 800 - ден аса бала қатысады",-деп хабарлады байқау директоры.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны