28.05.2018, 21:13 8008

"Бозторғай" лауреаты атану - Қазақстанныӊ дарынды балалары үшін өмірлік жолдама - Қ.Ибдікерімова

"Бозторғай" балалар шығармашылығы халықаралық байқауы пайда болған кезінен бері еліміздіӊ өнеріндегі елеулі көрінісіне айналды, әрі бұл конкурсқа қатысу абыройлы, мәртебелі іс болып саналады.

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan Today - "Бозторғай" лауреаты атану - Қазақстанныӊ дарындабалалары үшін өмірлік жолдама.

Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ алаӊында өткен баспасөз конференциясында "Бозторғай" балалар шығармашылығы халықаралық байқауыныӊ директоры Қарлығаш Ибдікәрімова: "Роза Рымбаева, Кеӊес Дүйсекеев, Лаки Кесоглу, Рамазан Стамғазиев, Зарема Кастеева, Гүлнара Саитова, Алтынбүбі Омарбекова, Валерий Григорьев сияқты танымал тұлғалардан құралған әділ қазылар алқасы үш күн бойы 82-ден астам әншілерді, 30-дан астам халықтық орындаушыларды және 46 би топтарыныӊ сайысын бағалайды",-деді.

Конкурстыӊ ашық аспан астында өткізілетіндігі оған балалар мейрамдарына тән демократиялылық және пәктік қосады. Ашық түрлі түсті сахналық костюмдер, қатысушылардыӊ сахнаға шығар алдындағы зейінді түрлері, олар үшін жанкүйер болып келген жақындарыныӊ қам жеп, олар үшін мазасызданғандары, қатал және сынмен бақылап отырған жетекшілері мен ұстаздары, және де, әрине, әр бір ән мен биге қосылып, барлық орындаушыларды ынтамен қарсы алып отырған көрермендер - мұныӊ бәрі ұмытылмас ерекше көрініс.

"Бозторғай" балалар шығармашылығы халықаралық байқауы пайда болған кезінен бері еліміздіӊ өнеріндегі елеулі көрінісіне айналды, әрі бұл конкурсқа қатысу абыройлы, мәртебелі іс болып саналады.

"Бозторғай" лауреаты атану Қазақстанныӊ жас таланттарына өнер әлеміне жасағалы жатқан сапарларына лайықты өнер бастамасы бола тұра, оларға өмірлік жолдама ретінде қызмет көрсетеді",-деді Қ.Ибдікерімова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны