24.06.2015, 12:27 3644

Браконьерлік тордан 60 дана бекіре балығы алынды

Шекара қызметініӊ "Жағалау күзеті" өӊірлік басқармасыныӊ "Жеӊіс" шекара катерініӊ әскери қызметшілері Каспий теӊізінде ұзындығы 6500 метр болатын браконьерлік балық аулау торын анықтады

Астана. 24 Маусым. Kazakhstan Today - Шекара қызметініӊ "Жағалау күзеті" өӊірлік басқармасыныӊ "Жеӊіс" шекара катерініӊ әскери қызметшілері Каспий теӊізінде ұзындығы 6500 метр болатын браконьерлік балық аулау торын анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Торды жинау барысында оған ілініп қалған 60 дана бекіре тұқымдас балық табылды.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны