26.04.2016, 11:57 9694

Браконьерлікке жол жоқ

Каспий теӊізініӊ акваториясында, Жайық, Қиғаш және Еділ өзендерініӊ бойында биологиялық ресурстарды қорғау, браконьерлікті шектеу мақсатында Біріккен жедел-сауықтыру шаралары (БЖСШ) өткізілуде

Астана. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Каспий теӊізініӊ акваториясында, Жайық, Қиғаш және Еділ өзендерініӊ бойында биологиялық ресурстарды қорғау, браконьерлікті шектеу мақсатында Біріккен жедел-сауықтыру шаралары (БЖСШ) өткізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы жылдыӊ сәуір айыныӊ басында басталған шараға Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметініӊ шекарашылары да белсенділікпен қатысуда. "Жағалау күзеті", "Батыс" өӊірлік басқармалары шекарашыларыныӊ қырағылығы арқасында еліміздіӊ заӊдылығын бұзған 25 адам ұсталса, олардыӊ 22 қазақстандықтар, үшеуі өзбекстандықтар болып шықты. Су бетіне құрылған 46807 метр тор, 27300 метр калад, 14200 дана жиналды. Аталған браконьерлік құралдарға ілініп қалған 176 балық босатылды. Олардыӊ 128 данасы бекіре, қалғандары бекіре тұқымдас балық.

Браконьерлердіӊ жүзу құралдары олардыӊ тыӊғылықты дайындықпен шығатындықтарын байқатады. Теӊіз шекарашылары арнайы шара барысында "Касатка", "Бударка", "Прогресс", "Байда", "Волжанка" тәрізді жеті бірдей жүзу құралдарын ұстады. Оларға орнатылған "Ямаха", "Ямаха-9,9", "Сузуки", "Ямаха - 75", "Меркурий-60" қозғалтқыштары браконьерлердіӊ жылдам қозғалуына барынша жағдай жасайтындығын байқатады.

Ұсталған азаматтар заӊ алдында жауп беретін болады. Арнайы шара әлі жалғасуда.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны