17.04.2012, 12:24 3848

Бразилияда түрмеде бүлік шықты

Тұтқындар 100-ден астам адамды кепілге алып, талаптары орындалмаған жағдайда бәрін өлтіреміз деп қоқан-лоққы көрсетуде. Тұтқындар түрме күзетшілерінің өздерін ұрып-соғуларын тоқтатуды және мекеме басшылығының ауысуын талап етіп отыр. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, көтеріліске түрмеде отырған 476 тұтқын түгелдей қатысуда. Олар түрменің қару-жарағын алып алған.

Астана. 17-сәуір. Kazakhstan Today - Бразилияның солтүстік-шығысындағы Сержипи провинциясының астанасы Аракажу қаласы маңындағы түрмеде бүлік шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Тұтқындар 100-ден астам адамды кепілге алып, талаптары орындалмаған жағдайда бәрін өлтіреміз деп қоқан-лоққы көрсетуде. Тұтқындар түрме күзетшілерінің өздерін ұрып-соғуларын тоқтатуды және мекеме басшылығының ауысуын талап етіп отыр. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, көтеріліске түрмеде отырған 476 тұтқын түгелдей қатысуда. Олар түрменің қару-жарағын алып алған.

Бүлік кезінде олар үш күзетші мен түрмеге туыстарымен кездесуге келген 128 адамды кепілге алған. Арасында әйелдер мен балалар да болды. Кейіннен тұтқындар ол адамдарды босатуға келіскен. 15 адамның түрмеден қашып кеткендігі туралы мәлімет тарағанына қарамастан, Құқық қорғау органдары жағдайды өз бақылауында ұстап отырғанын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны