20.04.2012, 13:18 3294

Брейвиктің іске асыра алмаған қылмыстары болғаны анықталды

Норвегияда 77 адамның өмірін қиған лаңкес Андерс Брейвиктің ісін қарап жатқан соттың 4-ші отырысы аяқталды. Сот кеше қылмыскердің ойластырған, алайда іске асырмаған пиғылдары бар екеніне Брейвиктің өзінен қанық болды.

Астана. 20-сәуір. Kazakhstan Today - Брейвиктің іске асыра алмаған қылмыстары болғаны анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Норвегияда 77 адамның өмірін қиған лаңкес Андерс Брейвиктің ісін қарап жатқан соттың 4-ші отырысы аяқталды. Сот кеше қылмыскердің ойластырған, алайда іске асырмаған пиғылдары бар екеніне Брейвиктің өзінен қанық болды.

Брейвик Норвегияның бұрынғы премьер-министрі Гро Харлем Брундтландты ұрлап кетіп және кейін оның басын кесіп өлтіруді жоспарлағанын айтып берді. Ол сондай-ақ, Осло қаласында бір емес, 3 бомба жармақ болдым деп мәлімдеді. Айыпталушының айтуынша, 3 бомбаны бір мезетте алыстан басқарып іске қосу қиынға соғатындықтан одан бас тартуға тура келген. Өткен жылдың 22 шілдесінде Брейвиктің қойған бомбасы Ослоның орталығында жарылып одан 8 адам қаза тапса, 209 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алғаны белгілі.

Дегенмен, оның басты қылмысы Утойя аралындағы жастар лагерінде 69 адамды атып өлтіргені болып отыр. Брейвик Утойяға келген кезде бұрынғы премьер-министр ол аралдан кетіп қалған екен. Ийтпегенде қылмыскер оның басын кесіп, бейнежазбаға түсіріп, оны таратпақ болған екен.

Өзін кінәлі деп санамайтын қылмыскер сот мәжілісінде "зорлық-зомбылық өзіңнің алдыңа қойған мақсатқа жетудің бір құралы" деп шімірікпестен мәлімдеді. Брейвик сондай-ақ, атыс-шабысқа құрылған компьютерлік ойындарға құмар болғанын айтып берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны