12.01.2011, 18:50 3576

Брис-бенде 20 мың тұрғын үйдің су астында қалу қаупі төніп тұр

Брис-бенде 20 мың тұрғын үйдің су астында қалу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 12 - қаңтар. Kazakhstan Today - Брис-бенде 20 мың тұрғын үйдің су астында қалу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, су тасқынынан Квин-сленд штатында 11 адам қаза тауып, 90-нан аса адам із-түссіз жоғалып кеткен.

Соңғы күндері Брисбен қаласында ашылған үш уақытша баспанаға алты жарым мың адам орналас-тырылды. Жергілікті билік қалған адамдарға туыстары немесе достарын паналауды ұсынуда. Электр станцияларына су тақап қалғаннан кейін, оларды өшіріп, 100 мыңға жуық тұтынушы жарықсыз қалған. Куәгерлердің айтуынша, дүкендерде азық-түлік тапшылығы басталды. Ауа райын болжаушы мамандар, жаңбыр осы аптаның аяғына дейін жауатынын айтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны