10.04.2013, 17:36 3207

British Airways әуе компаниясы жазғы төменгі тарифтерін ұсынады

"Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдері бойынша British Airways әуе компаниясының аймақтық коммерциялық менеджері Паоло Де Рензистің (Paolo De Renzis) хабарлауынша, компания қазақстандық нарық үшін жазғы уақытқа Ұлыбритания, Еуропа және Солтүстік Америка бағытындағы көптеген белгілі бағыттарға арнайы тарифтер ұсынып отыр", - делінген ақпаратта.

Астана. 10-сәуір. Kazakhstan Today - British Airways әуе компаниясы жазғы демалыстар маусымының алдында Қазақстандық саяхатшыларға арнайы жазғы тарифтерді пайдалануды ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы компанияның баспасөз хабарламасында айтылған.

"Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдері бойынша British Airways әуе компаниясының аймақтық коммерциялық менеджері Паоло Де Рензистің (Paolo De Renzis) хабарлауынша, компания қазақстандық нарық үшін жазғы уақытқа Ұлыбритания, Еуропа және Солтүстік Америка бағытындағы көптеген белгілі бағыттарға арнайы тарифтер ұсынып отыр", - делінген ақпаратта.

Арнайы жазғы тарифтермен www.ba.com сайтында танысуға болады. Саяхатшылар билеттерді арнайы тариф бойынша 2013 жылғы 9 сәуір-30 сәуір кезеңі аралығында Лондон, Париж, Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Торонто және Ванкуверге дейінгі билеттерді броньдай алады. Саяхат 9 сәуірден 31-ші қазан аралығында болуы керек.

British Airways маршруттық желісі әлемнің 75 мемлекетіне 175 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Иуе компаниясы жыл сайын 36 миллионнан астам жолаушыны тасымалдайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны