03.02.2015, 11:55 3848

Будапештте Мажарстанныӊ Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қазақстанныӊ сыртқы сауда палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасыныӊ қолайлы инвестициялық және іскерлік климаты, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығындағы мүшелігі, Астана қаласында өтетін "ЭКСПО 2017", "Нұрлы жол" жаӊа экономикалық саясаты секілді басымдықтарды пайдалана отырып, мажар бизнесмендері Қазақстан серіктестерімен белсенді ынтымақтасуға шақырылды.

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Ү.ж. 30 қаӊтарда Будапешт қаласында Қазақстан-Мажарстан Іскерлік кеӊесініӊ кезекті 4-ші отырысы барысында Мажарстанныӊ Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қазақстанныӊ сыртқы сауда палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталмыш іс-шараға Қазақстан тарапынан "Kazenergy" Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдары қауымдастығыныӊ Төраға орынбасары, Теӊ төраға Жанболат Сәрсенов, Қазақстан Сыртқы сауда палатасыныӊ басқарма төрағасы Сабыр Есімбеков, бірқатар Қазақстанныӊ компания өкілдері қатысты, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Мажар тарапынан Мажарстанныӊ Ұлттық экономика министрі Михай Варга, Іскерлік кеӊесініӊ теӊ төрағасы Шандор Фашимон, 50-ден астам компаниялардыӊ басшылары өкіл етті.

Отырыс барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық саласындағы екі жақты ынтымақтастықты дамытудыӊ өзекті мәселелерін талқылады. Жоғары технологияларды дамыту, мұнай мен газ, ауыл шаруашылық, фармацевтика, телекоммуникация, туризм, құрылыс, автокөлік пен өӊдеу өнеркәсібі, көлік, инновациялар саласындағы жобаларды ілгеріту еӊ перспективалық бағыттар болып танылды.

Тараптар "Медикер" и KazInvestHolding компаниялардыӊ медицина саласындағы ынтымақтастығыныӊ жоғары деӊгейін атап өтіп, Мажарстан мен Қазақстанда MediCell бірлескен кәсіпорныныӊ құрылуын оӊ қабылдады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасыныӊ қолайлы инвестициялық және іскерлік климаты, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығындағы мүшелігі, Астана қаласында өтетін "ЭКСПО 2017", "Нұрлы жол" жаӊа экономикалық саясаты секілді басымдықтарды пайдалана отырып, мажар бизнесмендері Қазақстан серіктестерімен белсенді ынтымақтасуға шақырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны