12.12.2017, 18:12 7529

Бүгін Алматы қаласыныӊ №16 қалалық емханасына баспасөз сапары ұйымдастырылды

Денсаулық сақтау саласын дамыту және реформалаудыӊ қазіргі жағдайында медициналық мекемелердегі емдеу үдерісін ұйымдастыруға және басқаруға бірқатар жаӊалықтар енгізіліп жатқаны белгілі. Баспасөз сапары осы соӊғы жаӊалықтар жөнінде халыққа ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылды.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today -Бүгін Алматы қаласыныӊ №16 қалалық емханасына баспасөз сапары ұйымдастырылды.

"№16 қалалық емхана" ШЖҚ МКК осы емханада тіркелген Алматы қаласыныӊ тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық және сабағаттық-диагностикалық көмекті көрсететін Иуезов ауданыныӊ еӊ үлкен және аралас емханаларыныӊ бірі болып табылады.

Денсаулық сақтау саласын дамыту және реформалаудыӊ қазіргі жағдайында медициналық мекемелердегі емдеу үдерісін ұйымдастыруға және басқаруға бірқатар жаӊалықтар енгізіліп жатқаны белгілі. Баспасөз сапары осы соӊғы жаӊалықтар жөнінде халыққа ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылды.

БАҚ өкілдері амбулаториялық кезеӊде көрсетілетін кардиологиялық көмектіӊ ұйымдастырылу стандарттарымен (кардиостандарт) танысып, анализдерді тапсыру орнында, иммунология кабинетіндеболып, психологиялық қызмет жұмысын көріп қайтты.

Аталған емхана Алматы қаласында алғашқылардыӊ бірі болып өз қызметіне инновациялық технологияларды ендірген. Мұнда дәрігерлерге жазылу барысын жеделдетуге мүмкіндік беретін электрондық тіркеу бөлімі, флюорографиялық тексеруден өткен пациоенттерді электрондық есепке алу, еӊбекке жарамсыздық парақтарын электрондық есепке алу, медициналық қызметкерлер және қызмет көрсету сапасы жөнінде халықтыӊ пікірін жазып алуға мүмкіндік беретін ақпараттық дүӊгіршек, қан тапсыру бөліміндегі электрондық кезек сынды заманауи құралдар орнатылған. Енді медициналық ақпарат жүйесін ендірудіӊ соӊғы кезеӊі - электрондық амбулаториялық картаны қолданысқа енгізу ғана қалды.

Илібек Ақмарал Октябрьқызы, №16 емханасыныӊ бас дәрігері: "Біздіӊ емхана қажетті кадрлармен толық көлемде қамтылып, заманауи медициналық жабдықпен жабдықталған. Біз емханадағы медициналық көмек сапасын жетілдіру бағытында жаппай жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіру кезінде біздіӊ мекеменіӊ бәсекеге қабілеттілігін көтеруге жағдай жасамақ".

Қазіргі таӊда емхана ұжымы 15122 балаға, бала көтеретін жастағы 16969 қыз-келіншекке және 42311 ересек тұрғынға қызмет көрсетеді. Ұжым құрамында 398 маман адал еӊбек атқаруда. Дәрігерлердіӊ 43%-ында және медбикелердіӊ 44%-ында біліктілік санаты бар. Емхана жалпы практикаға жататын дәрігерлер арқылы учаскелік көмек түрінде алғашқы медициналық-әлеуметтік көмекті және де мамандандырылған білікті медициналық көмекті келесі 16 қызмет түрі аясында көрсетеді: акушерлік және гинекология, кардиология, хирургия, травматология, ортопедия, неврология, эндокринология, отоларингология, офтальмология, рентгенология, УЗИ-диагностика, физиотерапия, зертханалық диагностика, онкология, маммология, гастроэнтерология.

Кардиостандарт аясында Тредмил-тест, СМАД, Эхо-кардиография, ЭКГ-мен тәулік бойы мониторинг жасау сынды әдістер қолданылады. Зерттеудіӊ бұл әдістері жүрек-қантамыр жүйесіндегі ауруларды ерте кезеӊде диагностикалауғамүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бүгінгі күні емхана әлеуметтік-психологиялық және профилактикалық қызметті жүзеге асыруға бағыт алып отыр. Емханада келесі денсаулық мектептері жұмыс жасайды: салауатты бала, отбасыны жоспарлау, диабет, күретамыр гипертониясы, бронх демікпесі және т.б. Илеуметтік маӊызға ие ауруларды алдын алуға, тұрғындар арасында санитарлық-ағартушылық жұмыс жүргізуге үлкен мән беріліп, салауатты өмір салтын ұстану бағдарламасы кеӊінен ендіріліп жатыр. Емхана Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеттіӊ, қалалық медициналық колледждіӊ клиникалық базасы ретінде жас кадрларды даярлаумен айналысады. Мұндағы дәрігерлердіӊ көбісі 20-25 жылдан уақыттан бері иек тіресе қажырлы еӊбек етіп келеді. Осыныӊ арқасында емдеу әдістері мен түрлерін мақсатты түрде және кезеӊ-кезеӊімен игеруге, жылдар бойы үлкен тәжірибе жинақтауға, кәсіби шеберлікті шыӊдауға жағдай жасалып, бұл емдеу сапасына да зор әсерін тигізіп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны