16.01.2012, 16:50 3327

Бүгін Алматыда қардың онкүндік нормасы жауды

Дүйсенбіде қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан таралған хабарламада атап өтілгендей, дүйсенбіде сағат 01:20-да жауа бастаған қар тоқтар емес.

Алматы. 16-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда қардың онкүндік нормасы жауды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыда дүйсенбіде қалың қар жауды, коммуналды қызметтер көшелерді әрең тазалап үлгеруде.

Дүйсенбіде қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан таралған хабарламада атап өтілгендей, дүйсенбіде сағат 01:20-да жауа бастаған қар тоқтар емес.

"Сағат 11:00-ге қарағанда қалада 17 см қар жауды, бұл орташа декадалық норманы құрайды", деп атап өтілген хабарламада.

Қаланың коммуналды қызметтері түнде екі рет жолдарға құм-хлорид қоспасын төккен. Тұтас алғанда, бұл жұмыстарды жүргізу үшін техниканың 102 бірлігі пайдаланылды, 3200 текшеметр қоспа жұмсалған.

Көшелерді және жолдарды қардан тазалау жұмыстары жалғастырылуда, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны