11.07.2007, 13:58 2928

Бүгін Алматыда ұрлыққа айыпталған АҚШ азаматына қатысты сот үкімі шығарылады

АЛМАТЫ. 11-шілде. Kazakhstan Today. Бүгін Алматыда Қазақстан аумағында ұрлық жасады деп айыпталған АҚШ азаматы Менахем Сайденфельдке қатысты сот үкімі шығарылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алмалы аудандық сотына сілтеме жасап.

Соттың түсініктемесіне сәйкес, кеше соңғы сот мәжілісінде судья Зәуре Кейкібасова М.Сайденфельдке қатысты сот үкімі Алмалы аудандық сотының ғимаратында бүгін 11-шілдеде 1-сағат 16-да жария етілетінін хабарлады.

Менахем Сайденфельдке Қазақстан аумағында алаяқтық және сенімге кіру жолымен ірі көлемдегі бөтен мүлікті ұрлады деген айып тағылған.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ азаматы Менахем Сайденфельдке Қазақстан Республикасының аумағында өте ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікпен бір жарым жылдай халықаралық іздеуде болған. Қараша айының басында ол Қазақстан Республикасының Бас прокуратураның тапсырысы бойынша Ресей аумағында құрықталып, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына берілген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны