06.09.2012, 12:48 4298

Бүгін Астанада адам саудасы проблемасына арналған дөңгелек үстел өтті

Жиында барысында келтірілген деректер бойынша адам саудасы бойынша Қазақстанда 2010 жылы -271 қылмыс тіркелсе, бұл көрсеткіш 2011 жылы 287 - ге жеткен. Негізінен қылмыскерлер біздің азаматтарды заңсыз жолмен Израиль, Ресей, Таиланд, Грекия, Түркия сияқты елдерге жіберумен айналысады.

Астана. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада Үкіметтік емес ұйымдар мен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен адам саудасы проблемасына арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, жиында барысында келтірілген деректер бойынша адам саудасы бойынша Қазақстанда 2010 жылы -271 қылмыс тіркелсе, бұл көрсеткіш 2011 жылы 287 - ге жеткен. Негізінен қылмыскерлер біздің азаматтарды заңсыз жолмен Израиль, Ресей, Таиланд, Грекия, Түркия сияқты елдерге жіберумен айналысады. Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің айтуынша Қазақстанға алдап-арбау немесе қоқан-лоқы көрсету жолымен сырттан әкелінетін адамдар да аз емес. Олар көбінесе шекралас Өзбекстан мен Қырғызстаннан келеді. Қоғамдық ұйымдар мұндай азаматтарға уақытша киім, тамақ, және жатын орын береді. Осындай адамдардың көпшілігі тез арада өз отанына қайтып кетеді. Сол себептен де олардың құқығын бұзған қылмыскерлерге қатысты қылмыстық істер көп жағдайда қозғалмай қалады дейді мамандар.

"2001 жылы бұл проблема тек белгілі болып, оған қарсы іс-шаралар жаңадан қолға алына бастаған еді. Қазіргі уақытта жағдай өзгере бастады. Тиісті мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар адам саудасына қарсы барлық механизмдерді қолданып, нәтижелі жұмыс істеп келеді. Исіресе барлық облыстарда жұмыс істейтін балалардың құқығын қорғау департаменттерінің жұмысын атап өткім келеді. Біздің орталық та 6 жылдың ішінде 170 адамға көмек берген болатын", деп мәлімі етті "Родник" қоғамдық ұйымының директоры Нина Балабаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны