23.01.2015, 21:20 4028

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтыӊ төрағалығымен Бас прокуратураныӊ кеӊейтілген алқа мәжілісі болып өтті.

Жоғарғы Сот Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру аясында Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдыӊ 2015 жылға арналған Кешенді жоспарыныӊ жобасын әзірледі. Кеӊесте айтылған барлық ұсыныстар аталған Жоспарға енгізілетін болады.

Астана. 23 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасыныӊ Жоғарғы Сотында Қ.И. Мәмидіӊ төрағалығымен "Қазақстан Республикасыныӊ 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын" іске асыру аясында сот органдарында сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алудыӊ негізгі бағыттары" атты тақырыппен Жоғарғы Сот судьяларыныӊ кеӊейтілген кеӊесі болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кеӊеске Президенттіӊ көмекшісі - Қауіпсіздік Кеӊесініӊ хатшысы Н.Б. Ермекбаев, Президент Икімшілігі Басшысыныӊ орынбасары Т.С. Донақов, Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ Төрағасы Н.И. Ибіқаев, "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары Б.Қ. Байбек, Бас Прокурор А.Қ. Дауылбаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ төрағасы Қ.П. Қожамжаров, Жоғары Сот Кеӊесініӊ төрағасы Р.Т. Түсіпбеков, Парламент Сенатыныӊ Конституциялық заӊнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетініӊ төрағасы С.Б. Ақылбай, Парламент Мәжілісініӊ Заӊнама және сот-құқықтық реформа комитетініӊ төрағасы Р.Ж. Мұқашев, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясыныӊ ректоры Б.С. Ибдірәсілов және т.б. шақырылды.

Іс-шараға сот жүйесінен Жоғарғы Соттыӊ алқа төрағалары мен судьялары, облыстық және оған теӊестірілген соттардыӊ төрағалары, Соттардыӊ қызметін қамтамасыз ету департаментініӊ (бұдан әрі - Департамент) басшылығы мен бөлім меӊгерушілері, облыстық және оған теӊестірілген соттардыӊ кеӊсе меӊгерушілері қатысты.

Кеӊестіӊ ашылуында сөйлеген сөзінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми: "Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Партиялық бағдарламаны бекіте отырып, жемқорлық - ұлттық қауіпсіздікке төнген жойқын қатер екендігін айта келе, қоғам назарын осы мәселеге аударған болатын. Жемқорлықпен күрес - барша Қазақстан қоғамыныӊ маӊызды міндеті. Сот төрелігініӊ мінсіз жүйесі мемлекеттіӊ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясатыныӊ шешуші құралы - құқық үстемдігін қамтамасыз ету жүйесініӊ негізгі діӊгегі болып табылады", - деп атап өтті.

Осы орайда, сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін қатысушылардыӊ кеӊейтілген құрамында талқылап, бұл бағыттағы жұмыстыӊ тиімділігін арттыру шараларын айқындап алу жөнінде шешім қабылданды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында сот корпусы қол жеткізген жетістіктер аз емес. Соныӊ еӊ бастысы, қазақстандықтардыӊ сотқа жүгінуге деген сұраныстарыныӊ тұрақты түрде қарқын алып отырғанына қарамастан, республика соттары сот төрелігін жүзеге асыруда құқық үстемдігін кәсіби лайықты деӊгейде сақтауды қамтамасыз етіп келеді. Айталық, өткен жылы соттар 1 млн. 200 мыӊнан астам істі қарады. Осы ретте шығарылған сот актілерініӊ 98,7% заӊды әрі негізді болып саналады.

Өткен жылы судьялардыӊ қызметіне қатысты азаматтар тарапынан түскен шағымдардыӊ саны 253-ке немесе 5%-ға азайды. Сот Жюриініӊ судьяларға қатысты қараған істер саны 20%-ға, ал тәртіптік шара қолдану жөнінде іс қозғау жағдайларыныӊ саны 14,3%-ға азайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істерді қарау мәселелері туралы Жоғарғы Соттыӊ қылмыстық істер жөніндегі сот алқасыныӊ төрағасы А. Қасымов хабардар етті. 2014 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша үкім шығарыла отырып, 807 іс немесе қылмыстық істердіӊ жалпы саныныӊ 4% қаралды (2013 жылы - 886). Сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу, оныӊ басты себептері мен жағдайларын болдырмау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жіктеу мәселелері бойынша құқық қорғау және арнайы органдармен өзара іс-қимылды жетілдіруге айрықша көӊіл аударылып келеді.

Судьялардыӊ адамгершілік болмысы мен моральдік-әдеп нормаларын сақтауы, сондай-ақ Судьялық әдеп жөніндегі комиссия қызметін жаӊғырту туралы Жоғарғы Сот судьясы, Судьялық әдеп жөніндегі комиссия төрағасы Н. Қайыпжан айтып өтті. Сот Жюриі жұмысыныӊ сот жүйесіндегі құқық бұзушылықтардыӊ алдын алуыныӊ негізгі бағыттары мен нәтижелерін Жоғарғы Сот судьясы, Сот Жюриініӊ төрағасы М. Шегенов таныстырды.

Сыбайлас жемқорлық пен өзге де құқық бұзушылықтардыӊ алдын алуға бағытталған сот жүйесіндегі инновациялар туралы Жоғарғы Сот жанындағы Соттардыӊ қызметін қамтамасыз ету департаментініӊ басшысы І. Испанов баяндады. Атап айтқанда, ол қазіргі таӊда "Төрелік" деп аталатын сот органдарыныӊ автоматтандырылған ақпараттық-талдамалық жаӊа жүйесін құру жұмыстарыныӊ аяқталғанына тоқталды. Орталықтандырылған архитектурадан тұратын бұл жүйе ақпараттық деректермен алмасуға жылдам қол жеткізуді, сенімділіктіӊ жоғары деӊгейін, статистикалық және талдамалық есептерді қалыптастыруда автоматтандырудыӊ неғұрлым жоғары деӊгейін қамтамасыз етеді.

Жоғарғы Сот Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру аясында Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдыӊ 2015 жылға арналған Кешенді жоспарыныӊ жобасын әзірледі. Кеӊесте айтылған барлық ұсыныстар аталған Жоспарға енгізілетін болады.

Көзделген шаралардыӊ іске асуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттыӊ тиімділігін арттыруға республика соттарыныӊ өз үлестерін қосуына, елдегі сыбайлас жемқорлық деӊгейін азайтуға және оныӊ кез келген көріністеріне "нөлдік" төзімділік жағдайын құруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотыныӊ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны