14.06.2012, 10:45 2925

Бүгін - Бүкілдүниежүзілік қан тапсырушы күні

2005 жылдың мамырында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының отырысы барысында әлем елдерінің денсаулық сақтау министрлері ерікті қан тапсыруды қолдау туралы өтінішті бірауыздан қолдады. Олар WHA58.13 қарарында жыл сайын 14 маусым күні Бүкілдүниежүзілік донор күнін атап өтуді қаулы етті.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін - Бүкілдүниежүзілік қан тапсырушы күні, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2005 жылдың мамырында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының отырысы барысында әлем елдерінің денсаулық сақтау министрлері ерікті қан тапсыруды қолдау туралы өтінішті бірауыздан қолдады. Олар WHA58.13 қарарында жыл сайын 14 маусым күні Бүкілдүниежүзілік донор күнін атап өтуді қаулы етті.

Бүкілдүниежүзілік донор күні ақысыз қап тапсырушылардың құрметіне орай атап өтілетін - ерекше күн. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Қызық Крест және Қызыл Ай қоғамдары халықаралық қауымдастықтарының, Қан құю бойынша халықаралық қоғамның және Қан донорларын ұйымдастыру халықаралық қауымдастығының үйымдастыруымен атап өтіледі.

Іс-шараларға БҰҰ-ға мүше 193 ел, Қызыл Крест пен Қызыл Айдың 181 ұлттық қоғамы, ерікті донорлардың 50 ұйымы мен әлемнің барлық елдерінен қан құю бойынша көптеген мамандар қатысады.

Илемде әрбір секундта, кез келген жастағы адамдарға қан құю қажеттігі туындайды. Қанға деген мұқтаждық ортақ болғанымен, өкінішке қарай, оған зәру жандардың барлығының қолы жете бермейді.

Қанға деген өткір қажеттілік әсіресе, әлем халқының басым дені тұратын дамушы елдерде көрініс табуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны