14.10.2016, 11:01 5507

Бүгін Дүниежүзілік стандарттар күні

14 қазан күні кездейсоқ таӊдап алынған жоқ. Дәл осы күні 1946 жылы 25 елдіӊ 65 делегаты ISO - Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымды құрды, ол бүгінгі күнге дейін еӊ құзыретті және беделді мамандандырылғын халықаралық стандарттау ұйымы болып саналады.

Астана. 14 қазан. Kazakhstan Today - Жыл сайын қазанныӊ 14 жұлдызында бүкіл әлем Дүниежүзілік стандарттар күнін атап өтеді, бұл мереке әлемдік экономикадағы және оныӊ жеке секторларындағы стандарттар рөлініӊ артуы мен стандарттау саласындағы іс-шаралардыӊ маӊыздылығына бұқара назарын аударуды көздейді.

14 қазан күні кездейсоқ таӊдап алынған жоқ. Дәл осы күні 1946 жылы 25 елдіӊ 65 делегаты ISO - Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымды құрды, ол бүгінгі күнге дейін еӊ құзыретті және беделді мамандандырылғын халықаралық стандарттау ұйымы болып саналады.

Бүгінгі таӊда ISO құрамына 162 ел кіреді. Қазақстан Республикасы ұйымныӊ толық құқылы мүшесі, мемлекет атынан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті жүреді.

Өмірдіӊ барлық деӊгейлерінде және барлық салаларында стандарттаудыӊ маӊыздылығын бүкіл әлемге паш ету үшін арнайы мереке белгіленді. Дүниежүзілік стандарттар күні алғаш рет 1998 жылы өтті.

Дүниежүзілік стандарттар күнін мерекелеу үшін Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым жыл сайын ұран анықтайды. Ағымдағы жылғы іс-шара "Стандарттар сенім ұүялатады" деген ұранмен өткізіліп отыр.

"Қазақстан стандарттау және серификаттау институты" РМК "Дүниежүзілік стандарттар күні" қарсаӊында апталық бағдарлама әзірледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны