10.06.2008, 17:36 3068

Бүгін Душанбеде "Орыс әлемі" қорының орыс орталығы ашылды

Бүгін Душанбеде "Орыс әлемі" қорының орыс орталығы ашылды

Душанбе. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Душанбеде Тәжік мемлекеттік тілдер институтында "Орыс әлемі" қорының орыс орталығы ашылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Ашылу рәсімінде "Орыс әлемі" қорының атқарушы директоры Вячеслав Никоновтың хабарлауынша, Душанбеде ашылған орталық қордың Еревандағы орталығынан кейінгі екінші орталығы болып саналады.

Орыс орталығы - бұл орыс тілі мен әдебиетін оқыту бойынша ресурстар орталығы. Орыс орталығын ашу бағдарламасы 1 мыңнан астам атаулардан тұратын таңдаулы кітапхананы, орыс тілін оқытатын мультимедиялық басылымдарды қамтиды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны