06.01.2012, 10:19 3183

Бүгін елдің оңтүстігінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін деп болжануда

6 қаңтар күні Қазақстанның басым аумағына антициклонның ықпалы сақталатындықтан күн райы ашық болады деп болжануда

Астана. 6-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін елдің оңтүстігінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін деп болжануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

6 қаңтар күні Қазақстанның басым аумағына антициклонның ықпалы сақталатындықтан күн райы ашық болады деп болжануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі "Қазгидрометтің" мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.

Синоптиктердің болжамынша, ауа ағындарының өтуіне байланысты оңтүстік аумақтарда жауын-шашын болады, кей жерлерде тұман мен көктайғақ күтілуде. Ал республиканың шығысында аздап қар ұшқындайды.

Атап айтқанда, Маңғыстау, Атырау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының жекелеген өңірлерін тұман басады.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, Жамбыл облысының жекелеген аудандарында жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күн бұрқасындатып, тұман түседі, 15-20 м/с екпінде жел соғады.

Алматы облысын тұман басып, Алакөл ауданында жылдамдығы секундына 17-22 метрге жететін оңтүстік-шығыстан жел тұрады.

Таяу тәулікте Қазақстанның сулы нысандарының денінде мұз қату процесі жалғасады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерде су көлемінің ауытқуы байқалады, жекелеген өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны