02.06.2015, 08:59 3747

Бүгін елімізде күн ашық болады

Қазақстанныӊ басым аумағында күн ашық болады, тек республиканыӊ батысы мен солтүстік-батысында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен кей жерлерде өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады

Астана. 02 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ басым аумағында күн ашық болады, тек республиканыӊ батысы мен солтүстік-батысында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен кей жерлерде өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Батыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарында кей жерлерде желдіӊ жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таӊертеӊ кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Күндіз Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Маӊғыстау, Қарағанды облыстарыныӊ кей жерлерінде аптап ыстық болады. Оӊтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарыныӊ кей бөліктерінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны