24.04.2012, 13:10 3399

Бүгін еліміздің басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалымен болып, соның негізінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың батысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Астана. 24-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін еліміздің басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалымен болып, соның негізінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың батысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Алматы, Жамбыл, күндіз Павлодар облыстарында кей жерлерде 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында - 15-20 м/с дейінгі жылдамдықта топырақты дауыл тұрады.

Түнде Маңғыстау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде нөсерлі жаңбыр жауып, Маңғыстау облысында тұман түседі деп болжануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны