28.03.2012, 12:49 3413

Бүгін еліміздің басым аумағында жауын-шашынды болады

Қазақстан аумағының көптеген бөлігі 28 наурыз күні циклонның ықпалында болып, онымен бірге жауын-шашынның түсуі, желдің күшеюі күтіледі, жекелеген аудандарда бұрқасынды жел, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.

Астана. 28-наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін еліміздің басым аумағында жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан аумағының көптеген бөлігі 28 наурыз күні циклонның ықпалында болып, онымен бірге жауын-шашынның түсуі, желдің күшеюі күтіледі, жекелеген аудандарда бұрқасынды жел, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде. Республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.

Қостанай облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деп күтілуде. Атырау, Қызылорда, Жамбыл облыстарында - кейбір жерлерде тұман болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында кейбір жерлерде көктайғақ, 17-22 м/с жылдамдықпен жел болады деп күтіледі. Қарағанды, Ақмола, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде желдің секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғуы күтілуде.

Ақтөбе облысында - кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтіледі. Батыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде бұрқасын, көктайғақ, түнде кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Маңғыстау облысында - түнде кейбір жерлерде тұман түседі. Алматы облысындағы Алакөл көлдерінің ауданында желдің секундына 18-23 метрге дейін күшеюі күтіледі.

Жақын тәуліктерде Сырдария өзенінде, Алматы облысының өзендерінде, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген шағын өзендерінде мұз құрсауының босауы мен еруі күтіліп отыр. Шығыс Қазақстан облысының шағын өзендері мен жылғаларында беткейлік ағыстардың күшеюі, су деңгейлерінің күрт көтерілуі, бұл ретте тасқындар мен топан су басуы мүмкін. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерде су деңгейлерінің ауытқулары байқалады. Оралдың сағасы мен ШҚО-ның жекелеген өзендерінде көктемгі үрдістер жалғасып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны