23.02.2016, 08:57 3763

Бүгін еліміздіӊ басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Бүгін Республиканыӊ басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек батыста және солтүстікте фронтальды бөліктердіӊ өтуіне байланысты қар, кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдіӊ күшеюі күтіледі

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Республиканыӊ басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек батыста және солтүстікте фронтальды бөліктердіӊ өтуіне байланысты қар, кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдіӊ күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарыныӊ кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдіӊ жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Жамбыл облысыныӊ кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз желдіӊ жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Атырау облысыныӊ кей жерлерінде тұман түсіп, түнде көктайғақ болады.

Алматы облысыныӊ Жалаӊашкөл ауданында жел 18-23 м/с-ға дейін күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызылорда, Маӊғыстау, Қарағанды облыстарында, түнде және таӊертеӊ Павлодар, Шығыс Қазақстан, Оӊтүстік Қазақстан облыстарыныӊ кей жерлерінде тұман күтіледі.

Күндіз Ақмола облысыныӊ кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, күндіз желдіӊ жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарыныӊ кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, күндіз желдіӊ жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны