01.06.2015, 09:37 4541

Бүгін - Халықаралық балаларды қорғау күні

Бүкіл әлемде 1-ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіледі. Сондықтан да ол халықаралық мейрамдардыӊ бірі саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдыӊ қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясыныӊ арнайы сессиясында қабылданды

Астана. 01 Маусым. Kazakhstan Today - Бүкіл әлемде 1-ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіледі. Сондықтан да ол халықаралық мейрамдардыӊ бірі саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдыӊ қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясыныӊ арнайы сессиясында қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Уикипедия деректеріне сүйенсек, алғашқы Халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілген. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардыӊ өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметініӊ басты бағыттарыныӊ біріне айналдырды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Балаларды қорғау күнін олардыӊ өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердіӊ тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.

БҰҰ-ныӊ жүргізген сауалнамасына жүгінсек, бүгінгі таӊда әлемде әрбір оныншы бала үлкендер тарапынан жасалатын зорлық пен зомбылыққа ұшырайды екен. Сондай-ақ, әлемде өмірі қатерге толы балалар да баршылық. Аш-жалаӊаштық, соғыс өрті, терактілер балалар өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, оларды бақытты балалығынан, әлемдегі басқа қатарластары секілді білім алып, тәрбиелену мүмкіндігінен айырады. Сондықтан бұл күні тұрақсыздық жайлаған елдердегі балаларға қамқорлық мәселесі де назардан тыс қалмайды.

Сондай-ақ, әлем халықтары 20 қараша күні Халықаралық нәрестелер күнін, 16 маусым күні Африкада балаларды қорғау күнін мерекелейді.

Қазақстанда 1 маусым күні балаларға арналған көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылып, жалпыхалықтық деӊгейде аталып өтіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны