23.06.2015, 12:24 5670

Бүгін Қарағандылық тәртіп сақшылары өздерініӊ кәсіби мерекелері Қазақстан полиция күнін атап өтті.

Қарағанды. 23 Маусым. Kazakhstan Today - Дәстүрге сәйкес алдымен мерекелік іс-шара барысында Қарағандылық полиция қызметкерлері ішкі істер департаментініӊ ауласындағы қызмет барысында қаза болған тәртіп сақшыларына орнатылған мемориалдық тақта тасына гүл шоқтарын қоюдан бастады. Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін мерекелік іс-шараға жиналғандар ішкі істер департаментініӊ мәжіліс залына салтанатты шараға ойысты. "Сіздерді кәсіби мереке - Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке ішкі істер органдары қызметкерлерініӊ кәсіби шеберлігі мен ержүректілігіне, құқықтық тәртіп сақшыларыныӊ бірнеше буынымен іргесі қаланып келген Отан мен халыққа қызмет етудіӊ озық дәстүрлеріне деген құрмет болып саналады",- деп атап өтті құттықтау сөзін сөйлеген департамент бастығы полиция генерал -майоры Мергенбай Жаппаров, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Құттықтау сөзінен кейін қызмет барысында алдыӊғы шептен көрінген бірқатар қызметкерлер ішкі істер министрлігі, облыс әкімі және департамент бастығыныӊ құқығымен марапатталды. Атап айтар болсақ, ішкі істер министрініӊ бұйрығымен -14 қызметкер, облыс әкімініӊ шешімімен -4 қызметкер марапатталса, қызметте қол жеткізген жетістіктері үшін ішкі істер департаменті бастығыныӊ бұйрығымен 700-ге жуық қызметкер марапатқа ие болды. Марапаттау салтанатынан кейін сахна төріне қызмет барысында қаза болған қызметкерлердіӊ отбасы шықырылып, департамент бастығы полиция генерал -майоры Мергенбай Жаппаров бағалы сыйлықтар табыстады.

Мерекелік іс-шараныӊ соӊы тәртіп сақшыларыныӊ күшімен дайындалған мерекелік концертпен аяқталды. Концерт барысында қызмет бабында қаза болған қызметкерлердіӊ құрметіне жазылған "Ерлік дастаны" әнініӊ тұсауы кесілді. әнніӊ сөзін жазғандар Оӊтүстік шығыс полиция бөлімі ювиналдық полиция тобыныӊ инспекторы полиция лейтенанты Қуаныш Медеубаев және ІІД Мұражай директоры Айжамал Айтжанова болса, әнін Айжамал Айтжанова жазып шықты. Аталған әнге Ішкі істер департаменті Баспасөз қызметініӊ мамандары бейнеклип түсіріп, залға жиналғандардыӊ көӊілінен шықты.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз -қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны