27.04.2012, 10:53 3717

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XIХ сессиясы ашылады

Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және Келісім Сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XIХ сессиясы ашылады.

Астана. 27-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XIХ сессиясы ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және Келісім Сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XIХ сессиясы ашылады.

Оның жұмысына барлық өңірлерден Ассамблея мүшелері, республикалық және аймақтық этно-мәдени бірлестіктердің басшылары, Парламент депутаттары, сондай-ақ саяси партиялар, діни бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, шетелдік дипломатиялық миссиялар басшылары және ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Бұл жолғы сессия "Қазақстандық жол: тұрақтылық, бірлік, жаңару" тақырыбында өрбімек. Қазақстан Халқы Ассамблеясы қоғамдық бірліктің нығаюына өз үлесін қосып келеді.

Қазақстанда бір шаңырақ астына шоғырланған ұлыстардың мәдени-ұлттық құндылықтары: тілі мен салт-дәстүрін жаңғыртуға барлық мүмкіндік жасалған. Ортақ мақсат - ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, ұлтаралық татулықтың қазақстандық үлгісін дамыта түсу. Ассамблея 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған. 820-дан аса этномәдени бірлестіктердің басын бір арнаға біріктіре отырып, ол қоғамдық келісімнің түпқазығына айналды. Елдегі бірлік пен берекенің ұйытқысына айналған Қазақстан халқы ассамблеясының бүгінгі сессиясында еңсерілер меже-міндеттер тағы бір сараланбақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны