29.05.2013, 14:20 3939

Бүгін Қазақстанның басым аумағында ауа райы ашық болады

Бүгін Қазақстанның басым аумағы антициклон ықпалында болатындықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады, түнде солтүстік аумақтың кей жерлерінде тұман түседі, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Астана. 29-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанның басым аумағында ауа райы ашық болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Қазақстанның басым аумағы антициклон ықпалында болатындықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады, түнде солтүстік аумақтың кей жерлерінде тұман түседі, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, республиканың батысы мен шығыс бөлігінде атмосфералық фронттардың ықпалымен ауа райы құбылмалы болады, аздап жаңбыр жауады, күн күркірейді, жел күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл соғады", - делінген ақпаратта.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде кей жерлерде тұман түседі, Қостанай облысында жел күші 18 м/с жетеді.

Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жел күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, ал Батыс Қазақстан облысында шаңды дауыл соғады.

Республиканың батысы мен оңтүстігінің кей аумақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су көлемінің теңселісі байқалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны