27.04.2011, 12:16 3960

Бүгін Қазақстанның басым аумағында найзағайлы жаңбыр жауып, қатты жел соғады деп күтілуде

Бүгін Қазақстанның басым аумағында найзағайлы жаңбыр жауып, қатты жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 27 - сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанның басым аумағында найзағайлы жаңбыр жауып, қатты жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидрометтің" болжауынша, сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағына атмосфералық ағындардың ықпалы жалғасады.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, жекелеген аймақтарда жауындар, оңтүстік бөлікте найзағай мен өткінші жаңбыр, шаңды дауыл аралас күшті желдер күтілуде. Ал Қазақстанның батысы бүгін антициклонның әсерінде болады.

Атап айтқанда, Алматы және Жамбыл облыстарында күндіз жекелеген жерлерде 15-20 м/с екпінде жел соғады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында желдің күші секундына 15-22 метрді құрайтын болады, Қызылордада оған шаңды дауыл араласады.

Қостанай облысының кейбір өңірлерін түнде тұман басуы ықтимал.

Фото: kp.by.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны