30.04.2013, 12:11 6977

Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады

Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады, жел күшейіп, кей жерлерде күн күркірейді, тұман түседі. Тек еліміздің оңтүстігі мен батысында ғана күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 30-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады, жел күшейіп, кей жерлерде күн күркірейді, тұман түседі. Тек еліміздің оңтүстігі мен батысында ғана күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қазгидромет" РМК болжамынша, Павлодар облысында оңтүстік-батыстан17-22 м/с жылдамдықпен жел соғып, кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с жетіп, күн күркірейді. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, түнде Атырау облыстарында күн күркіреп, 15-20 м/с жел тұрады, найзағай ойнайды. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с жетеді. Жамбыл, Қарағанды, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с. жылдамдықпен жел соғады. Ақмола, Қостанай облыстарында тұман түсіп, жел күшейеді. Қостанай облысының кейбір аумақтарында күн күркірейді. Маңғыстау облысында тұман түседі, Қызылорда облысында күн күркірейді",-деп жазылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны