05.05.2011, 09:00 3294

Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады деп күтілуде

Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел қуаты секундына 1520 метрге жетеді деп күтілуде, Ал Ақтөбе мен Жамбыл облыстарында күн күркірейді.

Астана. 5 - мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Республиканың басым аумағының ауа райын циклон және онымен байланысты ауа ағындары айқындап, кей жерлерде жаңбыр жауады әрі күн күркіреп, жел екпіні күшеюі мүмкін. Қазақстанның тек батысы мен оңтүстік-шығысы ғана антициклонның ықпалында болады. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасай отырып мәлім етті.

Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел қуаты секундына 1520 метрге жетеді деп күтілуде, Ал Ақтөбе мен Жамбыл облыстарында күн күркірейді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркіреп, таулы аймақтарында бұршақ жауады және жел екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Қызылорда облысының кей жерлерінде де күн күркіреп, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, шаң көтеріледі.

Солтүстік Қазақстан облысында, күндіз Қостанай облысында жел екпіні 15-20 метрге жетеді, Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.

Таяу тәулікте Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының тау өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Атырау облысының шегінде Жайық, Солтүстік Қазақстан облысы шегінде Есіл өзендерінің су деңгейінің көтерілуі жалғасады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны