29.04.2011, 13:15 4015

Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтілуде

Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 29 - сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейтіндігі күтілуде.

"Қазақстанның басым аумағы антициклон ықпалында болады. Республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, күн күркірететін атмосфералық ағындар әсері сақталады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетіп, Қызылорда облысында шаң көтеріледі деп күтілуде. Маңғыстау облысының теңіз жағалауында тұман түсетіндігі болжануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны