03.07.2013, 12:09 4050

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел тұрып, жаңбыр жауадыс

Атмосфералық фронтальдік бөліктердің жүруіне байланысты бүгін республикада тұрақсыз ауа райы сақталып, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, жел екпіні күшейіп, кей аймақтарда бұршақ жауады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.

Астана. 3-шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел тұрып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атмосфералық фронтальдік бөліктердің жүруіне байланысты бүгін республикада тұрақсыз ауа райы сақталып, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, жел екпіні күшейіп, кей аймақтарда бұршақ жауады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.

"Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел екпіні 15-21 м/с-қа жетіп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел екпіні 15-22 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды боран болуы мүмкін. Күндіз Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с болады деп күтілуде. Қостанай мен Маңғыстау облыстарында кей жерлерде жел күші 15-20 м/с болып, түнде тұман түсуі мүмкін. Алматы облысында кей жерлерде күн қатты ыстық болады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында кей жерлерде жоғары өрт қауіптілігі сақталады", - делінген хабарламада.

Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейі құбылмалы болады. Қазақстанның тегіс аумағындағы өзендерде гидрологиялық режимде ешқандай өзгеріс күтілмейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны