04.11.2010, 15:35 3199

Бүгін Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын жауып, күшті жел тұрады, ауа температурасы төмендейді деп күтілуде

Бүгін Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын жауып, күшті жел тұрады, ауа температурасы төмендейді деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 4 - қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын жауып, күшті жел тұрады, ауа температурасы төмендейді деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қазгидрометтің" болжауынша, Қазақстанның басым аумағының ауа райын антициклон қалыптастырады. Тек елдің шығысы мен оңтүстік-шығысына суық атмосфералық ағымдардың әсері сақталып, мұнда жауындар, күшті желдер мен температураның төмендеуі күтілуде.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде секундына 15-22 метр жел болады. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола мен Қарағанды облыстарының жекелеген жерлерінде тұман болжануда

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны