17.07.2008, 15:43 1245

Бүгін Көлік және коммуникация министрлігінің алқа мәжілісі болып өтті

Бүгін Көлік және коммуникация министрлігінің алқа мәжілісі болып өтті

Астана. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен бүгін Астанада Көлік және коммуникация министрлігінің алқа мәжілісі болып өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, министрлік алты айдың ішінде бірнеше бағытта жүйелі жұмыс атқарды.

Біріншіден, мүдделі органдармен бірлесіп, концессия саласында қажетті нормативті-құқықтық базаны қалыптастыру аяқталды. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының "Концессия мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заңына мемлекет басшысы қол қойды.

Екіншіден, әлемнің 20-дан астам елінде концессиялық негізде ақылы автомобиль жолдарын салу тәжірибесі зерттелді.

Үшіншіден, үстіміздегі жылы Шар - Өскемен темір жол учаскесінің құрылысы аяқталады, Ералиево - Құрық, Қорғас - Жетіген, Мақат - Қандыағаш темір жолдарын салу және электрлендіру, Ақтау әуежайын қайта салу концессиялық жобалары бойынша концессионерлер анықталып, нақты жүзеге асыру басталды.

Концессиялық жобаларды жүзеге асырудың қазақстандық моделі үстіміздегі жылдың қыркүйек айында өтетін халықаралық "Трансевразия-2008" конференциясы барысында талқыланатын болады.

Өз баяндамасында еліміздің көлік және коммуникация министрі С.Ахметов мынадай мәселелерге тоқталып өтті: көліктік машина жасау ісін дамыту (Астана қаласында локомотивтерді құрастыру зауытын салу); үлкен жылдамдықты темір жол қатынасын дамыту; азаматтық авиацияны дамыту (еліміздің әуе кемелер паркін жаңарту, аймақтық және кіші авиацияны дамыту, жер беті инфрақұрылымының нысандарын жаңғырту); еліміздің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту; бюджетті қалыптастырудың жаңа жүйесін енгізу.

Министрлік шет мемлекеттермен достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты дамыту, көліктік байланыстардың тиімділігін арттыру, Азия - Еуропа бағытында тауарлардың кедергісіз, уақытылы және пәрменді қозғалысын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс атқаруда.

Көлік саласында Қазақстан мен ЕО елдері арасында көліктік байланыстарды нығайту және дамыту, біртұтас көліктік инфрақұрылым негізінде жолаушы, жүк және көлік құралдарының еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін көліктік қызмет көрсетуге қажетті жағдайлар жасау қарастырылған.

Министрліктің негізгі қызметі үш стратегиялық бағыт бойынша ұйымдастырылған: көліктік инфрақұрылымды дамыту, көліктік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту.

Стратегиялық бағыттардың шеңберінде 3 мақсат және оларды жүзеге асырудың 11 индикаторы айқындалды, 12 міндет пен оларды жүзеге асырудың тиімділігі айқындалатын 30 көрсеткіш анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны