01.04.2013, 18:22 18821

Бүгін - Күлкі күні

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл мереке нақты қайдан бастау алатындығы туралы мәліметтер жоқ. Күлкі күнінің пайда болуы туралы көп тараған нұсқалардың бірі - бастапқыда 1 сәуір көптеген елдерде көктемгі күн мен түннің теңелу күні және Пасха уақыты ретінде атап өтілді. Көктемгі жаңа жыл мерекесі әрдайым көтеріңкі көңіл-күймен, әдемі әзілдермен өтті.

Астана. 1-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін - Күлкі күні, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл мереке нақты қайдан бастау алатындығы туралы мәліметтер жоқ. Күлкі күнінің пайда болуы туралы көп тараған нұсқалардың бірі - бастапқыда 1 сәуір көптеген елдерде көктемгі күн мен түннің теңелу күні және Пасха уақыты ретінде атап өтілді. Көктемгі жаңа жыл мерекесі әрдайым көтеріңкі көңіл-күймен, әдемі әзілдермен өтті.

Осындай кең тараған нұсқалардың тағы бірі 1582 жылы Рим Папасы Григориймен енгізілген Григориан күнтізбесіне көшумен байланысты. Мәселе, орта ғасырларда Жаңа жыл 1 қаңтарда емес, наурыз айының соңында атап өтілді. Жаңажылдық апта 25 наурызда басталып, 1 сәуірде аяқталды.

Сонау жылдары жаңажылдық мереке күндері көтеріңкі-көңіл күймен жүру дәстүрге айналды. Бірақ күнтізбенің өзгеруіне қарамастан, кейбір адамдар жыл бастауын ескі нұсқа бойынша атап өтуді жөн көреді. Адамдар бір-бірімен әзілдесіп, "қалжыңды" сыйлықтар сыйлады. Осылайша, "Күлкі күні" пайда болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны