Система Orphus

Бүгін Минскіде қаралы күн деп жарияланды

13.04.2011, 13:42 2858

Астана. 13 - сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Минскіде қаралы күн деп жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, Беларусь астанасында метродағы жарылыс құрбандарын жерлеу рәсімдері өтеді. Лаңкестік әрекет салдарынан 12 адам қаза тауып, 200-дей адам зардап шекті.

Басты аза тұту шаралары "Октябрьская" метро стансасына кіре берер тұста өтуде. Мұнда гүл шоқтары мен шырақтар әкеліп жатқан адамдар көп. Оқиға орнында арнайы мамандар әлі де жұмыс істеуде. Олар жарылғыш құралдардың бөлшектерін жинауда. Республикалық прокуратура бірнеше күдіктіні қамауға алғандарын жариялады. Алайда, олардың жарылысты орындаушы, не тапсырыс беруші екендігі әзірге белгісіз. "Октябрьская" Минсктің метро желісінде ауысып отыратын жалғыз метро стансасы болып табылады. Стансадан жарты шақырым жерде Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті, ал 200 метрде ел президенті Александр Лукашенконың резиденциясы орналасқан.

Photo: BBC News

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны