14.05.2013, 11:53 7016

Бүгін республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады, шаңды дауыл тұрады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін республиканың солтүстік бөлігінің кей жерлерінде жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде және таңертең тұман түседі. Қалған аумақта ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей аудандарда жел күшейіп, елдің батысында шаңды дауыл тұрады, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Астана. 14-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады, шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін республиканың солтүстік бөлігінің кей жерлерінде жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде және таңертең тұман түседі. Қалған аумақта ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей аудандарда жел күшейіп, елдің батысында шаңды дауыл тұрады, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Жамбыл облыстарында, күндіз Қостанай, Павлодар, Маңғыстау облыстарында жел күшейеді. Маңғыстау және Атырау облыстарында шаңды дауыл тұрады, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында түнде кей жерлерде тұман түседі. Батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық Қазақстанда жоғары өрт қаупі сақталады", - делінген ақпаратта.

Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде су көлемінің теңселісі байқалады. Батыс Алтайдың көптеген өзендерінде су көлемінің деңгейі төмендейді. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде үлкен өзгерістер байқалмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны