19.10.2015, 17:19 3848

Бүгін шақырылушылардыӊ жас толымы әскерлерде қызмет етуге аттанады

1 қазаннан бастап Қазақстанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудыӊ күзгі шақырылымы басталды. Жергілікті атқару органдарыныӊ шешімі бойынша шақырылымды жүргізу кезеӊінде азаматтарды медициналық куәландыруды өткізетін шақыру және медициналық комиссиялары құрылды

Астана. 19 Қазан. Kazakhstan Today - 1 қазаннан бастап Қазақстанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудыӊ күзгі шақырылымы басталды. Жергілікті атқару органдарыныӊ шешімі бойынша шақырылымды жүргізу кезеӊінде азаматтарды медициналық куәландыруды өткізетін шақыру және медициналық комиссиялары құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылдыӊ күзінде 18 бен 27 жас аралығындағы кейінге шақырылуға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ, сондай-ақ оқу орнынан шығарылған, 27 жасқа толмаған және шақырылым бойынша әскери қызметтіӊ белгіленген мерзімін өткермеген 12 мыӊнан аса ер азамат мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштеріне шамамен 4 мыӊ шақырылушыны шақыру жоспарлануда, қалғандары ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық ұланы және ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ әскери бөлімдеріне жолданады.

"Қазіргі заманғы жағдайда шақырудыӊ ерекшелігі еӊ алдымен, қоғам өкілдерініӊ шақыру комиссиясыныӊ жұмысына қатысуыныӊ арқасында қол жеткізілетін ашықтылығы мен айқындылығынан тұрады. Қазіргі уақытта азаматтарды әскери қызметке шақыруды тиісті өӊірдіӊ (астана, облыс, қала, аудан) әкімініӊ орынбасары басшылық ететін шақыру комиссиясы ғана жүзеге асырады. Оған денсаулық сақтау, ішкі істер, білім беру, қоғам ұйымдары, Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ өкілдері кіреді. Искерилер онда бір ғана лауазымдық тұлғамен, яғни, облыстыӊ қорғаныс істері жөніндегі департаментініӊ бастығы және ауданныӊ (қаланыӊ) қорғаныс істері жөніндегі бөлім (басқарма) бастығы болып ұсынылған. Шақыруды жергілікті әскери басқару органыныӊ бастығы (әскери комиссариат) емес, ал шақыру комиссиясы жүзеге асыратынын нақты және түбегейлі түсіну қажет", - деді жинақтау басқармасыныӊ бастығы - ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығыныӊ орынбасары полковник Амантай Үсербаев.

Мерзімді әскери қызметке азаматтарды дайындау және шақыру үздіксіз үдеріс. Шақыру учаскелеріне тіркеу сәтінен бастап және қазақстандықтарды әскерге шақырғанға дейін жергілікті әскери басқару органдарымен мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды жүйелі түрде зерделеу жүргізіледі. Шақырылушылардыӊ өздерімен, ата-аналары немесе олар тәрбие алып жатқан адамдармен, сондай-ақ шақырылушы жұмыс істеп жүрген (оқып жүрген) кәсіпорын (оқу орны) әкімшілігініӊ өкілдерімен әӊгімелесу өткізіледі. Осы әӊгімелесулер барысында денсаулық жағдайына, білім деӊгейіне, моральдық-психологиялық жай-күйіне және отбасы жағдайына ерекше назар аударылады.

Медициналық куәландыруды жақсарту жөнінде қосымша шаралар көзделген. Бүгінгі шақырылушы наркологиялық тестілеуден өтеді. Туберкулезді анықтау бойынша гепатитке міндетті түрде зертханалық тексеру бойынша талаптар ауқымы кеӊейтілді, сондай-ақ ауру-сырқаудыӊ себеп-салдарын айқындау мәселелері қайта қаралды.

2015 жылғы күзгі шақырылымныӊ ерекшеліктері мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтардыӊ саныныӊ ұлғаюы, азаматтардыӊ денсаулық жағдайына, білім деӊгейі мен моральдық-психологиялық тұрақтылығына қойылатын талаптардыӊ күшеюі болып табылады.

Естеріӊізге сала кетейік, мерзімді әскери қызметке шақыру жылына екі рет "Искери қызмет пен әскери қызметшілердіӊ мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына сәйкес ұйымдастырылып, өткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны