16.02.2011, 15:56 3811

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғып, Оңтүстік Қазақстан облысында тұман болады

Бүгін Қазақстанның басым аумағының ауа райын атмосфералық ағымдармен байланысты циклондар қалыптастырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 16 - ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанның басым аумағының ауа райын атмосфералық ағымдармен байланысты циклондар қалыптастырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысы антициклон тарамдарының ықпалында болады.

Алматы облысы Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан секундына 20-25 метр жылдамдықпен соққан желдің екпіні 30-ға дейін күшеюі мүмкін. Түнде жекелеген өңірлерде тұман түседі.

Ақмола, Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран соғып, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Қарағанды облысының кей аумақтарында тұман, бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады деп күтілуде.Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының жекелеген аумақтарында тұман түседі деп болжануда. Оңтүстік Қазақстан облысында, сондай-ақ тұман болады, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны