24.04.2012, 16:34 3154

Бүгін Тәуелсіздік сарайында химия бойынша оқушылардың 46-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасының салтанатты ашылуы болып өтті

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қазақстан Республикасы Президентінің форумға қатысушыларға арнаған құттықтауын оқып беріп, жоғары индустриялық және ғылыми технологиялар ғасырында Мемлекет басшысы қазақстандық оқушылардың үздік халықаралық стандарттарға сәйкес білім алулары үшін барлық қажетті жағдайды жасап отырғанын атап өтті.

Астана. 24-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қатысуымен химия бойынша оқушылардың 46-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасының салтанатты ашылуы болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қазақстан Республикасы Президентінің форумға қатысушыларға арнаған құттықтауын оқып беріп, жоғары индустриялық және ғылыми технологиялар ғасырында Мемлекет басшысы қазақстандық оқушылардың үздік халықаралық стандарттарға сәйкес білім алулары үшін барлық қажетті жағдайды жасап отырғанын атап өтті.

"Соңғы төрт жылда елімізде 334 мектеп салынды, 5 зияткерлік мектеп жұмыс істейді, әлемдік деңгейде "Назарбаев Университеті" ашылды. Осының бәрі Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтың қазақстандықтардың өскелең ұрпағына және олардың интеллектуалдық дамуына жасаған қамқорлығының жарқын дәлелі болып табылады", - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Қазақстан Тәуелсіздік алған уақыттан бері екінші рет оқушылардың беделді интеллектуалдық халықаралық бәсекесін өткізіп отыр. Астанаға Менделеев олимпиадасына қатысу үшін Изірбайжан, Беларусь, Болгария, Қырғызстан, Литва, Македония, Молдова, Эстония, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина, Венгрия, Грузия, Түркия, Франция тәрізді 18 елден оқушылар командалары келді. Қазылар құрамында ТМД елдерінің, Балтика мен Еуропаның көрнекті ғалымдары - химиктер бар.

Олимпиадаға қатысушылар үшін кең көлемді мәдени-танымдық бағдарлама әзірленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны