20.06.2012, 13:41 4134

Бүгін - жаздың ең ұзақ күні

Бұл күні күн аспан кеңістігінің ең биік нүктесіне жетеді. Сондықтан күн барынша ұзақ, түн керісінше, ең қысқа болады.

Астана. 20-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін - жаздың ең ұзақ күні, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл күні күн аспан кеңістігінің ең биік нүктесіне жетеді. Сондықтан күн барынша ұзақ, түн керісінше, ең қысқа болады.

Жаздың ең ұзақ күні солтүстік шарты шарда әдетте, 21 маусымға дөп келеді. Бірақ, толық 366 күні бар - кібісе жылында күннің бұл ерекше жағдайы әр жылдары 1-2 күнге өзгеріп тұрады. Мысалға, кібісе жылы болып табылатын 2012 жылы жаздың ең ұзақ күні 20 маусымда болады.

Астрономияда бұл күнді астрономиялық жаздың басталу датасы ретінде санау қалыптасқан. 21-інші, 22 желтоқсаннан бастап Күн көкжиектен күн сайын жоғарылай береді, осыдан күннің ұзақтығы ұзарады. Жаздың ең ұзақ күнінде ол максималды нүктеге жетеді. Бұдан кейін ол қозғалысын өзгертіп, кері бағытта жылжи бастайды. Яғни жаздың ең ұзақ күнінен кейін тәуліктің жарық уақыты біртіндеп азаяды. Ол 21-22 желтоқсанға дейін жалғасады. Одан кейін цикл қайта басталады.

Бұл күні ежелгі еуропалық мейрамдар - Лита, Купала, Иванов және тағы басқалары ұйымдастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны